Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданында бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылыс барысымен танысты.
Наурызбай қажы Тағанұлы игі іске атсалысып жатқан демеуші азаматтардың қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, өз ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Қарағанды қаласында бой көтеріп жатқан жаңа мешіт 600 адамға арналған. Мешіт жанынан 100 адамдық асхана, сондай-ақ ерлер мен әйелдерге арналған бөлек намазханалар мен дәретханалар қарастырылған.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
24.07.2025
2118
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру