Бүгін Өскемен қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ас беру мәдениеті: салттың сабақтастығы, ұрпақтың ұлағаты» тақырыбында аймақтық ақсақалдар форумы өтті.
Игі жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Жолдасбекұлы, зиялы қауым өкілдері мен өңірдегі Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.
Басқосуда сөз сөйлеген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бүгінде қоғамдағы кей күрделі мәселелердің шешілуіне ақсақалдарымыз елеулі үлес қосып, дін қызметкерлеріне қолдау көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ел ішінде орын алған ысырапшылдық пен шариғат талап етпейтін әрекеттердің алдын алу мақсатында имамдар форумында “Құдайы аста ысырапқа жол бермеу (тәртібі мен мәзірі)” құжаты қабылданды. Бұл құжатты халық арасында кеңінен насихаттап, жұртшылыққа түсіндіру ісінде ақсақалдарымыз белсенділік танытып келеді. Діни басқарманың бұл бастамасына қолдау білдірген барша қарияларға алғыс айтамын. Алла разы болсын! Шығыс Қазақстан облысындағы қарияларымыз да бұл игі бастамаға қолдау көрсетіп отыр. Жаратқан Иеміз қазыналы қарияларымызға күш-қуат, береке-бірлік нәсіп етсін», – деді.
Жиын барысында зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар да сөз сөйлеп, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, ас беру мәдениетін шариғат талаптарына сай үйлестіру және ысыраптың алдын алу мәселелері жөнінде ой-пікірлерін білдірді.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
18.07.2025
2569
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру