Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өтіп жатқан аймақтық ақсақалдар форумы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кезеңінде қызмет атқарған қазылар — Әбдіғаппар Шамсутдинов, Сәдуақас қажы Ғылмани, Жақия қажы Бейсенбайұлының тарихи суреттері қойылды.
Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына төрағалық еткен Бас мүфтилер — Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және қазіргі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қызмет барысындағы фотосуреттері ұсынылды.
Форумға қатысушылар көрмені тамашалап, еліміздің діни тарихына қатысты тың деректермен танысты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
18.07.2025
1396
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру