Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МҰНАРА» ГАЗЕТІ ТЕННИС ТУРНИРІН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

muftyat.kz 22.06.2025 1644 0 пікір
«МҰНАРА» ГАЗЕТІ ТЕННИС ТУРНИРІН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Астана қаласында «Мұнара» газетінің ұйымдастыруымен журналистер арасында үстел теннисі турнирі өтті. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында өткен дәстүрлі дода биыл бесінші рет ұйымдастырылды.

Турнирге еліміздің түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген медиа өкілдері қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені AstanKINO медиапродакшны қызметкері Асхат Жұмахан, екінші орынды QAZAQSTAN арнасының тілшісі Оңғар Алпысбайұлы, үшінші орынды «Қазмедиа орталығы» компаниясының бейнеинженері Айбек Молдамұрат жеңіп алды.

Сонымен қатар топтық кезеңнен өткен 5 қатысушы – QAZAQ радиосының дикторы Мұхамедәли Болатұлы, Ruh.kz сайтының бас редакторы Арай Ізбай, «Настоящее Время» телеарнасының операторы Ғанизат Оспанов, «Хабар» арнасының редакторы Есенбол Иманғазы және Президент телерадио кешенінің редакторы Әбдіманап Кеңес ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру