Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТТЫҢ БІРІНШІ КҮНІ 34 771 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (06.06.2025)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.06.2025 3629 0 пікір
ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТТЫҢ БІРІНШІ КҮНІ 34 771 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (06.06.2025)

Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.

6 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 997 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 18876, ешкі – 970, ірі қара – 944, түйе – 16.

Құрбандық еті республика көлемінде 34 771 мұқтаж отбасы мен 210 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы маусым айының 8-і күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!



















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру