Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы бірқатар базарларды аралап, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілерімен және «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының жауапты қасапшыларымен кездесті.
Кездесу барысында Бас мүфти құрбандық малын шариғат талаптарына сай сою тәртібінің қатаң сақталуын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін көмектің жүйелі жүргізілуін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы мүфтият жанындағы қайырымдылық шаралары мен халал стандарттарын сақтау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, еріктілер мен қасапшыларға сәттілік тілеп, батасын берді.
Аталған шара Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында ұйымдастырылып, елорда тұрғындарына сапалы қызмет көрсету және қайырымдылық жұмыстарын күшейту мақсатында өткізілді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
05.06.2025
3903
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру