Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Уағыз-насихат бөлімінің маманы халықаралық конференцияда баяндама жасады

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.04.2025 876 0 пікір
Уағыз-насихат бөлімінің маманы халықаралық конференцияда  баяндама жасады

Алматы қаласында «Орталық Азия және Қазақстандағы ислам: тарихи дәстүр және заманауи көзқарас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алқалы жиынға Қазақстанмен қатар, шетелдік исламтанушы ғалымдар, теологтар мен зерттеушілер қатысты.

Конференция барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің маманы Нұрсейіт Омаров «Imam Abu Mansur al-Maturidi and His Role in the Science of Aqeedah» тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасады.

Баяндамада ол имам Әбу Мансұр әл-Матуридидің діни сенім саласындағы ғылыми ұстанымы мен бүгінгі заман үшін маңызын нақты деректермен сипаттап жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру