Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҚОС КІТАПТЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.04.2025 1979 0 пікір
ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҚОС КІТАПТЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ

Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітабы V томының және «Ғибадат тұтқасы. Мұхтасар әл-Құдұри» кітабы ІІ томының танытымы өтті.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Осы уақытқа дейін Ғұламалар кеңесі маңызды кітаптардың жарық көруіне атсалысты. Кеңес отырыстарында 18 кітап талқыланып, баспаға ұсынылды. Бүгін міне, Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалар жинақталған «Пәтуалар жинағы» кітабының V томын таныстырып отырмыз. Бұл еңбектердің қоғам үшін пайдасы мол. Аталған кітаптарға сіздер де үлкен үлес қостыңыздар. Баршаңызға Алла разы болсын!» - деді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру