Бүгін Шымкент қаласындағы «Сейітжан қари Есжанұлы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ихсан – рухани тәрбие мектебі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
Конференция жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, белгілі ғалымдар – Зәріпбай Оразбай, Досай Кенжетай, Мұхан Исахан, Батыржан Мансұров, мәдениет қайраткері – Бекжан Тұрыс, зиялы қауым өкілдері, имамдар мен медресе-колледж шәкірттері қатысуда.
Айта кетсек, конференцияны ұйымдастырудағы мақсат – қоғамды ізгілікке үндеу, жастар арасындағы жаман әдеттерді болдырмау, жамағатты әрбір ізгі амалды көркем түрде орындауға шақыру, бұқара халық ішінде бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыру.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
25.04.2025
3189
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру