Астана қаласындағы №15 көпшілік кітапханада ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Кездесуде дін мен дәстүр сабақтастығы, рухани құндылықтар және кітапханашылардың қоғамдағы ағартушылық рөлі туралы айтылды.
Кітапханашылар – тек кітап сақтаушы емес, жастардың сана-сезіміне оң әсер ететін руханият насихаттаушысы екені атап өтілді. Сондай-ақ, діни әдебиеттердің дұрыс сұрыпталуы мен сенімді дереккөздерге жүгінудің маңыздылығы айтылды.
Кітапханаларда «Ұлы тұлғалардың діни-философиялық мұрасы», «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» тақырыптарында арнайы кітап көрмелерін ұйымдастыру ұсынылды.
Шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі, Астана қаласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Б. Күзекбай қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
23.04.2025
2188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру