Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.03.2025 1207 0 пікір
БАС МҮФТИ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астанадағы Республикалық бас мешітте өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы мүфтиятқа қарасты діни оқу орындарына қаржылай сертификат табыстады.

Атап айтқанда, «Хусамуддин ас-Сығанақи» Ислам институтының директоры Бағдат Манабаев пен «Астана» медресе-колледжінің директоры Бақтыбай Бейсенбаевқа дін жанашырлары, демеушілердің көмегімен қаржылай сертификат берілді.

Айта кетейік, биыл Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтын Шариғи ілімдер бойынша алғашқы түлектері оқуын аяқтайды, ал «Астана» медресе-колледжінде бүгінгі таңда 154 шәкірт білім алуда.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру