Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАМАЗАН-2025: АҚПАРАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.03.2025 914 0 пікір
РАМАЗАН-2025: АҚПАРАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ

 

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Ақжол Рамазан айының алғашқы он күнінде атқарылған жұмыстарды таныстырды.

«Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің ұйымдастыруымен Рамазан айына арналған инстаграм мен Тик-ток желісінде 9 тікелей эфир жүргізіліп, 14 300 көрермен тамашалады. «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан 8 видео салынып, muftyat.kz сайтына 49 контент салынды. Әлеуметтік желілерге 16 фото-баннер таратылып, іс-шаралар бойынша 9 видео жарияланды.

Жоспар бойынша атқарылуы маңызды деп танылған 3 тапсырма бойынша өкілдіктерде бірқатар жұмыстар орындалды. БАҚ беттеріне 313 ақпарат берілді. Өкілдіктердегі 2115 әртүрлі зиялы қауым өкілдеріне Рамазанмен құттықтау хаты жолданды. Сонымен қатар, муфтият баспасынан шыққан 12 919 кітапша жамағатқа таратылды.

Республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда және әлеуметтік желілерде ораза жайлы 121 мақала жарық көрді. Оразаға қатысты имамдар, РАНТ мүшелері және ұстаздардың өкілдік сайттарына 38 мақаласы жарияланды» деді бөлім меңгерушісі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру