Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» халықаралық қауымдастығының жетекшісі Абдурашит Карабаевпен кездесті.
Діни басқарма өкілі Бас мүфтиге Түркия елінде білім алып жатқан қазақ студенттері мен ғылым жолындағы ізденушілердің хал-жағдайы жөнінде баяндады. Сондай-ақ студенттердің Діни басқарма қамқорлығын сезінетінін айта келе, Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс білдіріп, ыстық сәлемін жеткізді. Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Абдурашит Зиядинұлына сәттілік тілеп, отбасынан, Отанынан жырақта жүрген студенттерге әрдайым қолдау білдіретінін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Діни басқарманың Түркия, Мысыр және Сауд Арабиясы мемлекеттерінде өкілдігі жұмыс істейді. Сондай-ақ биыл басқа да мұсылман елдерінен ҚМДБ өкілдігін құру жоспарда бар.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
28.01.2025
3468
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру