Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.01.2025 2658 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы белгілі абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, профессор Мекемтас Мырзахметұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақ руханиятының абыз ақсақалы, Мемлекеттік сыйлықтың және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның әулетіне, ағайын-туыстарына көңіл айтамын. Рақымды Алла Тағала марқұмды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей.

Мекемтас ақсақал саналы ғұмырын халқымыздың рухани дамуына арнап, соңынан өшпес еңбек қалдырды. Қожа Ахмет Ясауи мен Хәкім Абайдың рухани мұрасын зерттеп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Абыз ақсақалымыздың рухы пейіште шалқысын» делінген ҚМДБ Төрағасының көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру