Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы орталық Аппарат жиналысында жаңадан тағайындалған Бас мүфтидің кеңесшісін таныстырды.
«Бас мүфти кеңесшісі лауазымына ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков мырзаны тағайындау туралы шешім қабылдадым. Смайыл Сүйерқұлұлы дін саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді. Имамдық қызметте де, Діни басқарманың бөлім басшылығы лауазымында да жемісті қызмет атқарды. Дін жолындағы алдағы жұмысына да сәттілік пен береке тілеймін» деді Бас мүфти.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
28.10.2024
7523
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру