Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорданың халықаралық әуежайынан Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының V мәжілісіне келген Түркия мен Қырғызстан мүфтилерін құрметпен шығарып салды.
Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш пен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымына, еліміздің имамдарына, қазақ халқына қонақжайлығы үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді. ҚМДБ Төрағасы бауырлас елдердің мүфтилеріне ақжол тілеп, бұл сапардың рухани байланысымыздың арта түсуіне айрықша ықпал ететінін атап өтті.
Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Астана төрінде Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының V мәжілісі өткен болатын. Бауырлас елдердің мүфтилері алқа мәжілісімен қатар «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға да қатысты.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру