Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елімізге жұмыс сапарымен келген Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербашпен кездесті.
Кездесуде екі елдің бауырластық қарым-қатынасын нығайтудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар діни салада игі жобаларды бірлесе жүзеге асыру жайы талқыланды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бауырлас қазақ-түрік халықтары қашан да бір-біріне қамқорлық танытып, жанашырлық ниеттерін білдіріп келе жатқанын айрықша атап өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты байланысты арттыруға уағдаласты. Сондай-ақ баспа, ақпарат, уағыз-насихат т.б. салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Айта кетсек, 3 қазанда Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы мүфтилер алқасының V мәжілісі өтеді. Мәжіліске Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мүфтилері қатысып, бірқатар құжаттарға қол қоймақ. Бұдан кейін «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
01.10.2024
2978
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру