Астана қаласының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық! Шаһар әкімдігінің шешімімен 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады. Түнгі № 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады. Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады» делінген хабарламада.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру