Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына барған сапарында Қармақшы ауданында болып, Марал ишан баба мазарын зиярат етті.
Бас мүфти баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, арнайы дұға жасады. ҚМДБ Төрағасы сонымен қатар ел арасында Қалқай әулие атанып кеткен Марал ишанның ұлы Құлмұхаммедтің рухына да Құран бағыштап, дұға жасады.
Айта кетсек, Марал ишан – тарихи тұлға, Ислам дінінің көрнекті насихатшысы. Кезінде Бұхара медресесінде, кейін Мазари Шарифте (қазіргі Ауғанстан жері) білім алған. Ағартушылық қызметпен де көп айналысқан ол Қызылорда, Қызылжар, Қостанай өңірлерінде бірнеше мешіт пен медресе ашқан.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
22.05.2024
4788
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру