Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МҰСЫЛМАН АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.05.2024 547 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МҰСЫЛМАН АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әзербайжан Республикасына барған сапарында Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Саламмен кездесті.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты арттырудың маңызы сөз болды. Басқосу барысында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Айта кетейік, Мұсылман ақсақалдар кеңесі – бейбітшілік пен жаһандық дінаралық диалогты нығайту мақсатымен құрылған тәуелсіз халықаралық ұйым. Кеңестің филиалдары бұған дейін Швейцария, Мысыр, Марокко және Қазақстанда ашылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру