Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТЖМ САРБАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, БАТАСЫН БЕРДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.04.2024 741 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТЖМ САРБАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, БАТАСЫН БЕРДІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында Орал қаласында Жайық өзені жағасында жұмыс істеп жатқан Төтенше жағдай министрлігі сарбаздарымен кездесіп, насихатын айтты. Сонымен қатар батасын берді.

«Алла Тағала қасиетті кітабымыз Құранда бір адамды өлімнен құтқару бүкіл адамзатты өлімнен құтқарумен тең екенін баяндаған. Сіздер жерлестерімізді табиғи су тасқынынан құтқару жұмыстарында алғы шепте жүрген нағыз батырсыздар. Алла Тағала күш-қуат, мықты денсаулық нәсіп етсін. Халық үшін жасап жатқан жұмыстарыңызға мол сауаптан жазсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сапар барысында Бас мүфти Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің су тасқынының қаупін сейілту жұмыстарымен танысып, дастарқан басында сарбаздармен сұхбаттасты. Сондай-ақ өзен жағасын көтеру жұмыстарында белсенділік танытып жүрген мүфтият еріктілеріне алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру