Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Al-Fattah» мешіті жанынан «Айбике» қыз-келіншектер клубы ашылды

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 12.04.2024 482 0 пікір
«Al-Fattah» мешіті жанынан «Айбике» қыз-келіншектер клубы ашылды

Астана қаласы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Елордадағы «al-Fattah» мешіті жанынан «Айбике» қыз-келіншектер клубының ашылу салатанаты өтті.

Құран аяттарымен шымылдығы ашылған игі шараға «al-Fattah» мешітінің бас имамы Бағдат Әбдікәрімов және ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы бастаған Астана өкілдігінің әйел ұстаздары және жамағаты қатысты.

Клубтың мақсаты – қыз-келіншектер арасында ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, имандылыққа, ибалылыққа тәрбиелеу, рухани даму, қоғамға пайдалы болуға шақыру, түрлі шеберлік сағаттар, тренинг-семинарлар арқылы білімді арттыру. Айта кетсек, клуб ішінде әжелерге, аналарға, жасөспірім қыздарға арналған арнайы бағыттар бойынша жұмыстар атқарылады.

Құлшылық үйінің ашылғанына 1 жыл толуына орай өтіп жатқан рухани кеште клуб жетекшісі Зарина Шамидоллақызының бастамасымен мешітке жанашырлық көрсетіп, бүкіл қайырымдылық шараларында (мешіт тазылығы, сенбіліктер, қайырымдылық жәрмеңкелері, дәрістер және т.б. түрлі мәдени шараларда) белсенділік танытып жүрген шәкірттер арасында «Atlastourism» компаниясымен біріге отырып, Ұмра қажылығына сертификат ойнатылды. Аталмыш сыйлық арқылы шәкірттер мен жамағатты мешіт игілігі үшін атқарылатын шараларға белсенді болуға баулу.

Возможно, это изображение 3 человека, платок и помост

Возможно, это изображение 7 человек, платок, помост и текст

Возможно, это изображение 13 человек, платок, помост и текст

Возможно, это изображение 7 человек, платок и помост

Возможно, это изображение 2 человека, платок, помост и текст

Возможно, это изображение 4 человека, платок, помост и текст

Возможно, это изображение 8 человек, платок, помост и текст

Возможно, это изображение 2 человека, скрипка и текст

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру