Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АТЫРАУДА ҚҰРБАН ШАЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.04.2024 511 0 пікір
БАС МҮФТИ АТЫРАУДА ҚҰРБАН ШАЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында елімізде кейбір аймақтарда жарияланған төтенше жағдайға байланысты ірі-қараны құрбандыққа шалу рәсіміне қатысты.

«Уа, Алла Тағалам! Халқымызды, еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, індеттерден аман сақтай гөр! Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің. Уа, Алла Тағалам! Тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы еткейсің. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр» деп дұға етті Бас мүфти.

Бас мүфти жұмыс сапары барысында өңірдегі еріктілермен, сонымен қатар Құлсары қаласында жергілікті жамағатпен кездеседі деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру