Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АТЫРАУДА ЕРІКТІЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТЫП, БАТАСЫН БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.04.2024 989 0 пікір
БАС МҮФТИ АТЫРАУДА ЕРІКТІЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТЫП, БАТАСЫН БЕРДІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауға барған жұмыс сапары кезінде еріктілермен кездесіп, алғысын айтты.

Еріктілерге батасын берген Бас мүфти: «Ел мен жер – баршамызға аманат. Ел мүддесін әрқашан жоғары қоя білген адам ғана нағыз ерікті бола алады. Шынайы ниетпен ортақ мүдде жолында қызмет етіп жатқан әрқайсыңызға риясыз ниетпен алғысымды білдіремін. Алла разы болсын! Отбасыларыңызға амандық, бірлік пен татулық тілеймін. Жаратушы Иеміз еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттан аман еткей. Осы сынақтың соңы жақсылыққа ұласқай. Әмин» деді.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның еліміз бойынша 1200 еріктісі халықпен бірге ортақ мүдде жолында еңбек етуде. Оларға мүфтият атынан күнделікті ыстық тамақ берілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру