Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНДА ЕЛ АМАНДЫҒЫН ТІЛЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.04.2024 1023 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНДА ЕЛ АМАНДЫҒЫН ТІЛЕДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында орталық мешітте бір ай бойы тарауық намазында оқылған Құран хатым дұғасын жасап, ел амандығын тіледі.

«Уа, Жаратушымыз Алла Тағала! Осы оқылған қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлей гөр. Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай көр! Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің. Уа, Алла! Тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы ете гөр. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр» деп дұға етті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти тарауық намазына жиналған жамағатқа уағыз айтып, мешітке жиналған қауымды ел басына күн туғанда дұға етіп, қолдан келгенше көмектесіп, бірге болуға үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру