Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДАН «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОЛ ТАРТТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.04.2024 1934 0 пікір
АСТАНАДАН «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОЛ ТАРТТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында елордасы Астанадан Қостанай өңіріне «Қайырымдылық керуені» жол тартты.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қалалық өкілдігі, елордалық имамдар мен белсенді жастар, ерікті жамағат атсалысқан игі іс-шараға Бас мүфти арнайы қатысты.

«Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша «Қайырымдылық кереуені» жобасын қолға алды. Қайырымдылық көмек аясында су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге тұрмысқа қажетті заттар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жөнелтіледі. Бүгін Астана қаласы бойынша мешіттер қажетті заттарды су басқан аймақтарға жіберуде.

Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған.

Алла Тағала қайырымдылық іске атсалысқан барша азаматтарға разы болсын. Бұл сынақтың соңы қуаныш пен жақсылыққа ұласқай. Әмин» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, жалпы көлемі 25 тонна болатын азық-түлік, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттар Қостанай облысының Арқалық қаласына жол тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру