Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СУ БАСҚАН ӨҢІРЛЕРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК ЖАСАУҒА НАЗАР АУДАРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.04.2024 1412 0 пікір
БАС МҮФТИ СУ БАСҚАН ӨҢІРЛЕРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК ЖАСАУҒА НАЗАР АУДАРДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият қызметкерлері және облыс бас имамдарының онлайн қатысуымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық көмек көрсету жөнінде арнайы жиналыс өткізді.

Жиында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Бас мүфтиге Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұрғындарға көрсетіліп жатқан қайырымдылық көмек жөнінде баяндады. Дәл қазіргі уақытта ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен су басқан аталмыш өңірлердің орталық мешіттері жанынан еріктілер тобы құрылып, тілсіз жауға қарсы күш жұмылдырып, зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар жеткізілуде.

Сондай-ақ аймақтардағы жағдайды жиынға онлайн режимде қосылған облыс имамдары да Бас мүфтиге баяндап берді. Қорытындылай келе, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ел басына күн туған шақта қолдан келген көмекті аямау керектігін жеткізіп, дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру