Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР ДАСТАРҚАНЫНДА ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.03.2024 730 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР ДАСТАРҚАНЫНДА ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда Орталық мешітте болып, ауызашар дастарқанында жамағатпен жүздесті.

Жамағатқа Исламдағы рухани бірліктің маңызы жайлы уағыз айтқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбайды. Бұл – Исламдағы ең ұлы ұғымдардың бірі. Алла Тағала Құранда: «Шын мәнінде мүміндер бауыр», – деген. Аллаға шүкір, қасиетті Рамазан айында мұсылмандардың бір-біріне деген бауырмалдық сезімі арта түседі. Бүгінгі ауызашар осы ауызбіршіліктің айқын көрінісі. Алла Тағала баршамыздың рухани бірлігімізді берік еткей», – деді.

Ауызашар дастарқанында жарапазан жыры айтылып, Құран оқылды. Бас мүфти еліміздің игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру