Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МҰНАЙШЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.02.2024 848 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МҰНАЙШЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында мұнайшылармен кездесті.

Бас мүфти мұнайшыларға айтқан насихатында адал еңбек етудің маңызына тоқталды.

«Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» деп халық даналығында айтылғандай, ешкімге тіленбей еңбек еткен әрі тапқанына қанағат қылып, барға шүкір еткен адам әрдайым ортасына да, Алла алдында да сыйлы болмақ. Сіздер өз отбасыларыңызбен қоса бүкіл елімізге береке әкеліп, адал еңбек етудің, нағыз еңбекқорлықтың керемет үлгісін көрсетіп келесіздер. Алла Тағала жұмыстарыңызға табыс пен береке нәсіп етсін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Жиын соңында мұнайшылар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру