Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАС БУЫН ӨКІЛДЕРІН АҚИҚАТТЫ АҚЫЛМЕН ТАНУҒА ШАҚЫРДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.02.2024 787 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАС БУЫН ӨКІЛДЕРІН АҚИҚАТТЫ АҚЫЛМЕН ТАНУҒА ШАҚЫРДЫ

Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткен «Ислам экстремизмге қарсы» халықаралық конференциясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

«Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік», - деп ғұлама әл-Фараби бабамыз айтқандай, мен осы ретте жас буын өкілдерін өмірдің әрбір сәтіне ғақлия, яғни ақылдың, даналықтың көзімен қарауға шақырамын. Ақылмен ақиқатты тану – аса маңызды мәселе. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әркімнің діні – оның түсінігі. Ақылы жоқтың діні де жоқ», – деген. Шеттен келген теріс пиғылдағы идеология қазақ халқын ешқашан жарылқамайды. Осыны түсінуіміз керек» деді ҚМДБ Төрағасы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру