Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ИРАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.09.2023 1710 0 пікір
БАС МҮФТИ ИРАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті.

Биыл көктемде елші қызметіне кіріскен Әли Акбар Джокуар Қазақстанның Иран мемлекеті үшін тек сауда-экономикалық салада ғана емес, рухани-мәдени салада да сенімді серіктесі екенін атап өтті. Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында Иранға ресми сапарының жемісті болғанын, халықаралық конференцияның жоғары деңгейде өткенін, сондай-ақ жергілікті қазақ диаспорасымен жүздескенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ басқосуда Иран елшісі Бас мүфтиді алдағы айда өтетін халықаралық конференцияға арнайы шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру