Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы Жидда халықаралық әуежайынан қажылардың кезекті тобын арнайы күтіп алды.
Отандастарымызды қарсы алған Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Тобылұлы, Қажылық миссиясының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы қажылармен әңгімелесіп, ахуалын сұрады.
Наиб мүфти Ершат Оңғар жерлестерімізге Мекке қаласында Қазақстан Қажылық миссиясы өз жұмысын бастап кеткенін, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, уағыз айту, алғашқы медициналық көмек көрсету т.б. сұрақтар бойынша миссия мүшелеріне хабарласуға болатынын атап өтті.
Айта кетсек, биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді. Оларға отандық 18 қажылық компаниясы қызмет көрсетеді. Қажылық миссиясы ұйымдастыру, уағыз-насихат жүргізу, алғашқы медициналық көмек көрсету, пәтуа беру, ақпарат тарату бағыттары бойынша жұмыс істейді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.06.2023
2983
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру