Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БЕС ТОМДЫҚ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 31.05.2023 2251 0 пікір
БАС МҮФТИ БЕС ТОМДЫҚ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласында әйгілі ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай жарық көрген «Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол...» бес томдық таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

«Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен оқырманға жол тартқан бес кітапқа Мәшһүр Жүсіптің таңдамалы шығармалары енген.

Данышпан, ойшыл баба мұрасының ұлт руханиятына берері мол екенін айтқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Барлық өмірін болашақ ұрпаққа мол рухани мұра қалдыруды мақсат еткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерін зерттеу – сіз бен біздің асыл борышымыз. Мұндай асыл міндетті орындау ісін қолға алған асыл азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!» деді.

Бес томдық жинақтың тұсаукесер рәсіміне қоғам және мемлекет қайраткерлері, мәдениет, руханият саласының мамандары қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру