Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен қасиетті Рамазан айында атқарылған іс-шаралардың қорытынды есебіне арналған арнайы жиын өтті.
Мәжіліске ҚМДБ қызметкерлері мен облыс, республикалық маңызы бар қала имамдары онлайн режимде қатысты.
«Аллаға шүкір, Рамазан айында жоспарлаған іс-шараларымызды ойдағыдай атқардық. Мешіттерімізде бір айда 3 миллионға жуық адамға ауызашар берілді. 640 мешітте Құран хатым оқылды. Имамдарымыз белсенді жұмыс нәтижесін көрсетті. Осы сәтті пайдаланып, баршаңызға өз атымнан айрықша алғысымды білдіремін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Мәжіліс барысында ҚМДБ бөлім басшылары өз бағыттары бойынша ораза кезінде атқарылған іс-шаралардың жұмыс есебін баяндады.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.04.2023
2271
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру