Бүгін мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады.
Атап айтқанда, «Munara TV» арнасы елордасы Астана қаласындағы Республикалық бас мешіттен және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Әзірет Сұлтан» мешітінен ұсынатын тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.
22:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
17.04.2023
3236
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру