Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласында бірқатар өндіріс орындары тексерілді

13.03.2023 1940 0 пікір
Алматы қаласында бірқатар өндіріс орындары тексерілді

Тексеріс барысында «Magnum» сауда орындары, «Прима Кус» ЖШС, «Джакупов» ЖК ет дүкені, «Сатыбалды» ЖК, «Пир» ЖК және «Nur-Mak.ko» ЖШС шұжық өнімдерінің өндірісі, бекітілген халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтау мәселелері, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді.

Комиссия мүшелері жаңадан сертификаттаудан өткен «Прима Кус» фабрикасында  бақылау-қадағалау жұмысын жүргізіп, кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Құс фабрикасын сертификаттауда қатаң талаптар қоятын «ҚМДБ Халал» мамандары, бекітілген талаптардың сақталуы мен орындалуын, жүзеге асуын қадағалады. Бақылау барысында құс азығының рұқсат етілген, таза болуы, сулы ванна температурасының стандартқа сәйкес келуі, құсты тек «Бисмиллаһ» айтып, қолмен бауыздау, бауыздағаннан кейін стандарт талаптарына сай бекітілген қан ағызу ұзақтығын сақтау, құс өнімдерін тазалау, бөлшектеу барысында санитарлық тазалықты да назардан тыс қалмады. Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарының орындалуы толықтай тексерілді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру