ҚМДБ Төрағасы, Бас мфүти Мароккодағы сапарының соңында Касабланка қаласында орналасқан осы елдегі ең ірі мешіттің бірі ІІ Хассан мешітін зиярат етіп, құлшылық үйінің қазіргі тынысымен толық танысты.
Мешіт Атлант мұхитының жағалауында орналасқан. Сыйымдылығы 25 000 адамға арналған. Құлшылық үйінің ішіндегі алып шыны залдан мұхит көрінеді. Мешітке іргелес алаңда тағы 80 000 адам құлшылық ете алады. Осылайша жалпы сыйымдылығы 105 000 адамды құрайды. Жалғыз мұнараның биіктігі 210 метр. Дизайнын француз сәулетшісі Мишель Пинсо жасаған. Бұл мешіттің құрылысы 1986 жылы басталып, 1993 жылы ашылған.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
15.12.2022
2585
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру