Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ «ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕСІНІҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

muftyat.kz 06.12.2022 2365 0 пікір
НАИБ МҮФТИ «ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕСІНІҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.

Наиб мүфти медресенің тыныс-тіршілігімен таныса келе, медресе шәкірттеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Кездесу басында медресе директоры Құлмұханбет Маханбет наиб мүфтиді шәкірттерге жан-жақты таныстырды.

Ал Кенжеәлі Қоңыратбайұлы шәкірттерге өзінің оқу жолын айтып, тәрбиенің маңызы жөнінде келелі сұхбат жүргізе келе: «Әр нәрсенің кемелі жақсы, сөз басында Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахиим кәлимасы мен Әлхәмдулилләһи Роббил-Ъаләәмиин кәлимасын толық айтылғаны абзал. Кез-келген нәрсенің қадірі болады, адамдардың бір-біріне деген қадірі бар, сол қадірді жоғалтып алмайық. Сіздердің имам болғыларыңыз келетін шығар деп ойлаймын. Имам болған адам мешіттің қыр-сырын толық меңгереді. Ол жерде үлкен тәрбие мектебінен өтеді. Тәрбие өте маңызды нәрсе, білім жолында әсіресе өте маңызға ие. Ең маңыздысы Иман, Ислам, Ихсан, үшеуін бір-бірінен ажыратпауымыз керек» деп атап өтті.  

Сонымен қатар наиб мүфти медресе шәкірттеріне әдеп жөнінде сөз қозғап, ұстаздың алдындағы әдеп, Құранға және діни кітаптарға қатысты әдептер және шәкірттер арасындағы бір-біріне деген әдептерді ерекше атап өтті. Кездесу соңында медресе шәкірттерінің көкейіндегі сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру