Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында қыркүйек-қазан айларында білім алған 50 имамға куәлік табысталды.
Ислам институтының директоры Серікбай қажы Ораз еліміздің әр аймағынан келген имамдарға елімізге, дінімізге Алла разылығы үшін қызмет етудің маңыздылығы туралы насихат айтты.
Институт бағдарламасына сәйкес имамдар Құран, фиқһ, ақида және басқа да пәндер бойынша дәріс алып, Алматы мешіттерінде жұма намазын өткізді.
Айта кетейік, оқу барысында имамдар дәстүр бойынша бірнеше рет Құран Хатым жасап, еліміздің тыныштығы үшін дұға етті.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
01.11.2022
3828
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру