Ертең Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің «Әсем киім – әйел ажары» сән киім байқауы өтеді.
2022 жылдың 30 қазанында Астана қаласындағы Салтанат сарайында (Қабанбай батыр, 3) өтетін байқауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысады деп күтілуде.
Іс-шараның мақсаты – әйел-қыздарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен мұсылманша киім үлгілерін ұсыну.
Айта кетсек, байқауда облыс-өңірден келген жиырмаға жуық дизайнердің ұсынған 200-ден астам мұсылманша киім үлгілері көрсетіледі.
Басталуы: сағат 10:00-де.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.10.2022
3616
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру