Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар Индонезиядағы Сұлтан Шариф Касим Риау атындағы мемлекеттік Ислам университетінің ректоры, доктор, профессор Хайруннас Ражаб бастаған делегациямен кездесті.
Ершат Ағыбайұлы делегация мүшелеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, Діни басқарма жұмыстары жайлы, еліміздегі діни оқу орындардың қызметі туралы баяндап берді.
Кездесуде оқу-білім салалары бойынша екіжақты әріптестік қарым-қатынасты нығайту мәселесі сөз болды. Доктор Хайруннас Ражаб өзара ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін жеткізіп, Индонезиядағы ислам бағытындағы оқу орындары жайлы сөз етті.
Айта кетсек, Индонезия – мұсылмандар ең көп шоғырланған мемлекет. 273 миллионнан астам халқының 83 пайызы Ислам дінін ұстанушылардың үлесінде. Аталған елде 30-ға жуық Ислам университеті бар. Оның 23-і мемлекеттік университет екен.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
19.10.2022
4030
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру