ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар Алматыдғы Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне дәріс оқып, тәжірибесін бөлісті.
Білім алудың маңыздылығына тоқталған наиб мүфти: «Адамның білім алып жатқан уақыты – ең керемет, қайталанбайтын, тіпті дұға-тілектері қабыл болатын берекелі кезең. Дәл қазір қабыл болмаса да, күндердің күнінде кезіндегі арманыңыздың ақиқатқа айналғанына көзіңіз жетіп жатады. Еліміздегі бірегей ислами университеті қабырғасында өтіп жатқан уақыттарыңызды бағалап, білімге ұмтылыңыздар.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп, қанатын жаяды. Шын мәнінде ғалым үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәсының кешірілуін тілейді» деген. Білім жайлы аят-хадистер өте көп. Ең бастысы уақыттарыңызды бағалап, ұстаздарыңыздың соңынан қалмай білім нәріне сусындап үлгеріңіздер» деді.
Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бекітілген 7 бағыттағы діни мекеменің жұмыс барысын түсіндірді. Бұл студенттер үшін болашақта жұмысқа орналасу мәселесінде алдын-ала бағдар алып, қазіргі уақыттан бастап дайындалуына арналған кеңес болды.
Студенттер дәріс соңында наиб мүфтиге көкейіндегі сауалдар мен туындаған сұрақтарын қойды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
12.10.2022
3767
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру