Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАС ҚАРИ ЖАҢА КӨЛІК ЖЕҢІП АЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.09.2022 5899 0 пікір
ЖАС ҚАРИ ЖАҢА КӨЛІК ЖЕҢІП АЛДЫ (ФОТО)

Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауы мәресіне жетті.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттаған қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Қызылорда облыстық өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен барша дін қызметкерлеріне, сонымен қатар демеуші болған Бахаридин Нұғманұлына, Сәдуақас Олжабаев қариымыз бастаған әділқазы мүшелеріне алғысымды білдіремін. Байқауға қатысқан қариларымыздың бәрі жеңімпаз атанды деп санаймын. Өйткені бұл байқау әрбір қариға үлкен жігер сыйлады. Жүлделеріңіз құтты болсын» деді Бас мүфти марапаттау сәтінде.

ҚМДБ Төрағасы байқауды ұйымдастырған азаматтар мен әділқазы мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

 

«Мәнерлеп оқу» бойынша:

І орын ( 700 000 теңге) – Арман Жамбылұлы (Атырау облысы)

ІІ орын (500 000 теңге) – Азамжан Ысмайыл (Астана қаласы)

ІІІ орын (300 000 теңге) – Баубек Бектұрғанов (Алматы қаласы)     

 

«10 пара» бойынша:       

І орын (1 500 000 теңге) – Есімбек Арсен (Қарағанды облысы)     

ІІ орын (1 000 000 теңге) – Ермек Жұманазаров (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын (750 000 теңге) – Садриддин Абдукаримов (Шығыс Қазақстан облысы)

 

«20 пара» бойынша:

І орын (2 000 000 теңге) –  Акмал Рақымқұлов (Алматы облысы)

ІІ орын (1 500 000 теңге) – Абдулбақи Абдилазиз (Алматы қаласы)

ІІІ орын (1 000 000 теңге) – Игілік Исламнұры (Түркістан облысы)

ІІІ орын (1 000 000 теңге) – Мұхаммед Ығылман (Маңғыстау облысы)

 

«30 пара» бойынша:

І орын (автокөлік) – Иманәлі Мырзагелді (Жамбыл облысы)

ІІ орын (3 000 000 теңге) – Нығматулла Абдазимов (Алматы қаласы)

ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Рауашан Хабиболла (Батыс Қазақстан облысы)

ІV орын (1 000 000) – Нұртілеу Сейітқасым (Алматы облысы)

V орын (700 000) – Абай Шыңғысұлы (Қостанай облысы)

Ал «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша ынталандыру сыйлығы (500 000) Қызылорда облысынан қатысқан Аюбай Нұр-Мұхаммед қариға бұйырды.  

Еске сала кетейік, екі күнге созылған Құран байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде, «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz парақшасынан онлайн көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру