Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «МАРАЛ ИШАН» МЕДРЕСЕСІНІҢ АШЫЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.09.2022 2999 0 пікір
БАС МҮФТИ «МАРАЛ ИШАН» МЕДРЕСЕСІНІҢ АШЫЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қызылорда қаласындағы Белкөл кентінде «Марал Ишан» медресесінің ашылу рәсімі өтті.

Игі іс-шараға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықты жаңа медресесінің ашылуымен құттықтап, игі тілегін білдірді.

«Бүгін – Сыр елінің жұртшылығы мен барша мұсылман жамағаты үшін тарихи әрі қуанышты күн. Жаңа оқу ордамыздың ашылуына қош келдіңіздер. Марал Ишан медресесінен тәлім алып шыққан шәкірттеріміз еліміздің игілігі үшін қызмет ететін болады. Медресе оқыған азамат халқымыздың, дініміз бен дәстүріміздің жанашыр тұлғаларына айналады деп сенемін. Жаңа діни оқу ордамыз құтты болсын. Медресе бар жерге Алланың берекесі орнайды. Алла Тағала еліміз бен жерімізге жақсылығын жаудырғай. Әмин!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы медресені салған Мұрат Тоқпанұлына алғыс хатын табыстап, сауапты іске ұйытқы болғаны үшін ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ оқу ордасының ашылу салтанатына қатысқан зиялы қауым өкілдері де құттықтау сөзін арнап, жүрекдарды лебізін білдірді.

Айта кетсек, Марал Ишан медресесінде бір мезетте 80 шәкірт білім мен тәрбие алады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру