Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫНЫҢ УАҒЫЗЫНА 20 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.09.2022 4283 0 пікір
ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫНЫҢ УАҒЫЗЫНА 20 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін елордадағы Республикалық бас мешітте әл-Азһар шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып жамағатқа жұма уағызын айтты.

Әл-Азһар шейхы мешіт жамағатына бірлік пен бейбітшіліктің қадірі, Ислам құндылықтары, мұсылман үмбетінің рухани тұтастығы жайлы насихатын жеткізді.

«Ислам – терроризм діні емес. Екеуі от пен су секілді екі бөлек ұғым. Асыл дініміз әлем халқын бейбіт өмір сүруге және ауызбіршілікке үндейді. Діннің діннен, ұлттың ұлттан, адамның адамнан артықшылығы жоқ. Барлығы да – Алланың құлдары. Сондықтан айналаңыздағы адамдарды жақсылыққа, ынтымаққа, бірлікке шақырыңыздар» деді Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып.

Сондай-ақ әл-Азһар шейхы қазақ даласынан шыққан ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби бастаған дін ғұламалары Исламды әлемге дәріптегенін, сол білімнің шарапаты араб халқына да тигенін айрықша атап өтіп, сол ілім иелерінің асыл еңбегі үшін қазақ халқына алғысын білдірді.

Уағыздан кейін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақы қонақжайлықпен шейх Ахмет Тайыптың иығына шапан жауып, Ислам дінінің дәріптелуіне, діни білім мен ғылымның дамуына ерекше үлес қосқан тұлғаларға берілетін Діни басқарманың «Шарапат» медалімен марапаттады.  

Айта кетейік, әл-Азһар шейхының жұма уағызына 20 мыңнан астам адам қатысты. Уағыз Діни басқарманың ресми YouTube каналынан тікелей эфирде көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру