Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің діни істер жөніндегі кеңесшісі Жан-Кристоф Посельді оның өтініші бойынша қабылдады.
Ортақ әңгімеге екі елдің байланысы арқау болды. Кеңесші Бас мүфтидің жылы шыраймен қабылдағанына ризашылық білдірді.
ҚМДБ Төрағасы көп ұлт пен ұлысты Қазақстанда халық ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқанын, сондай-ақ Қазақ елінің әлемде бейбітшілік сүйгіш және діндераралық достық ордасына айналғанын тілге тиек етті. Бас мүфти Діни басқарманың сан-салалы қызметі мен ел мұсылмандарының тыныс-тіршілігі жайлы әңгімеледі. Халқымыздың 70 пайыздан астамы дәстүрлі ислам дінін, оның ішінде Имам Ағзам – Әбу ханифа мазһабын ұстанатындығына тоқталды. Сондай-ақ, ол республикадағы мешіт-медреселердің жұмысы туралы хабардар етті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
14.09.2022
3188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру