Қазақстан қажылық миссиясының бір бағыты – қажыларды мазалаған сұрақтарға жауап беру. Осы мақсатта миссия жанынан Сall center ашылып, орталықтың нөмірі бүкіл туристік компаниялар арқылы қажыларға жолданған болатын.
Осы уақытқа Сall center қазақстандық қажылардың 591 сұраққа жауап берді. Арафада тұруға, Мұздалифада түнеуге, Жамаратта шайтанға тас атуға қатысты сұрақтар көп қойылды. Сондай-ақ қажылардың құрбандық шалуына қатысты да сұрақтар жиі жолданды. Сall center мамандары қажылардың сұрақтарына дер кезінде жауап беріп, дұрыс бағыт-бағдар берді.
Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясы ұйымдастыру, уағыз-насихат, алғашқы дәрігерлік көмек, ақпарат және Сall center (сұрақ-жауап, пәтуа т.б) секілді 5 бағыт бойынша жұмыс істеуде.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
10.07.2022
3301
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру