Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «МҰНАРА МАҢҒЫСТАУ» СТУДИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.06.2022 3662 0 пікір
БАС МҮФТИ «МҰНАРА МАҢҒЫСТАУ» СТУДИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітіндегі «Мұнара Маңғыстау» студиясының ашылуына қатысты.

Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпарат алаңындағы жұмысын жандандыру мақсатында «Мұнара» телеарнасы ашылғанын айта келіп, жаңа студияның арна аясын кеңейте түсуіне тілектестік білдірді.

«Көрермен қашан да дұрыс әрі сенімді діни ақпаратқа, хабарлар мен бағдарламаларға мұқтаж. Телеарна – үлкен тәрбие, насихат құралы. Сол себепті оны дұрыс бағытта қолданып, ізгілік пен имандылыққа ұйытатын телеөнімдер дайындау керек. Жаңа студиядан халыққа ұнамды, жаңаша форматтағы телеөнімдер дайындалуы қажет. «Мұнара» арнасының жаңадан ашылып отырған студиясы осы мақсатымызға үлес қосады деген үміттеміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы ҚМДБ Төрағасына арна студиясын таныстырып, мұнда сырлы сұхбаттар, басқа да діни-танымдық бағдарламалар дайындалатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру