Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТІНДЕ «ҚАЖЫЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.06.2022 3530 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТІНДЕ «ҚАЖЫЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен хаттамалық жиында ҚМДБ-ның облыстық өкілдіктеріне «Қажылық орталығын» ашу тапсырылған болатын. Осыған орай бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Қажылық» орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына ҚМДБ Төрағасы арнайы қатысып, маңызды да сауапты істерге мұрындық болатын үлкен орталыққа айналуына тілектестік білдірді.

«Қажыға барушылар арасында рухани сапардың маңызы мен қажылық рәсімдерін білмейтін адамдар жиі кездеседі. Сондықтан осындай жандар үшін «Қажылық» орталықтары ауадай қажет. Орталықтарда арнайы мамандар түрлі семинарлар ұйымдастырып, қажылық рәсімі мен Алла үйін зиярат етудің тәртібі түсіндіріп, қажылықтың сауабы туралы да жан-жақты мәлімет берілуі керек. Жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тілеймін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 14 туроператорға жалпы саны 4000 қажылық орны бөлінді. Қажылыққа баруға ниет еткен отандастарымыз осы 14 туроператордың қызметіне жүгіне алады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру