Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖАБЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.06.2022 1630 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖАБЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Мысыр мемлекетінің ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан «Діни экстремизм: идеологиялық алғышарттары мен қарсы тұрудың стратегиялары» атты халықаралық конференция өз мәресіне жетті.

Жиынның жабылу рәсіміне Мысыр мүфтиі Шауқи Ибраһим Аллам мырза өзі қатысып, конференцияны қорытындылады.

Алқалы жиынның қорытынды отырысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Жиын соңында қатысушылар бірауыздан жаһандық сын-қатерлерге бірге қарсы тұру, діни экстремизмнің алдын-алу бағытында бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру